Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комитеттің хабарлауынша, 2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап, қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астанадан Душанбеге жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр. «Жаңа рейске екі елдің авиациялық билік органдарының, SCAT сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияларының және екіжақты келіссөздер аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілді. Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосатын болады», - делінген хабарламада.

Астана - Душанбе - Астана бағыты бойынша CRJ-200 типті ұшағы аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Бұл бағыттағы әуе билеттерінің сатылымы басталды. Билеттерді әуе компаниясының сайтынан немесе әуе билеттерін сату агенттіктерінен алуға болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: