Қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың айтуынша, байқаудың І кезеңінде отбасылық кездесулер циклы, халық шеберлері, қазақ халық құралдарын дайындау шеберлерімен кездесулер, ұлттық шығармашылық шеберліктерінің шеберлік сағаттары өткізілді.

- Желтоқсан - наурыз айларында «Киіз үйге бірге келсек» атты II кезеңде мектеп киіз үйлер дайындаумен айналысты, - дейді Балжан Әділханова. - Оған 24000 астам оқушы қатысты, көлемі 15 сантиметрден 2 метрге дейін 2072 киіз үй дайындалды. Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша қаланың 14 мектебінің ең үздік макеттері іріктелді.

Нәтижесінде №33 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары гран-придің иегерлері атанды. І орын №25 мектепке бұйырды. ІІ орында №43 мектеп тұрақтаса, №19 мектеп ІІІ орынды місе тұтты. Сонымен бірге, тағы 10 мектеп арнайы жүлделердің иегерлері атанды.

Жүлдегер мектептер жұмыстары конкурстың облыстық кезеңіне жіберілді. Жоба қорытындысы 22 наурыз күні Орталық алаңда Наурыз мейрамын мерекелеу күндері «Киіз үй-fest» көрмесі болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Наурыз мейрамы, Киіз үй, білім беру, мектеп оқушылары