Оныншы рет қатарынан ұйымдастырылған спорт сайысында еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ден астам спортшы бақ сынауда.

Жарысқа 2002-2003 және 2004-2005 жылы туған қыздар мен жасөспірімдер қатысуда.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Арқалық, Қостанай, Өскемен, Семей, Талдықорған, Павлодар, Екібастұз, Ақсу мен басқа да өңірлерден келген өрендер 12 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде белдесті..

Жеңімпаздар бүгін кешке анықталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт