Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

«Елімізде ҰБТ 20 маусымда басталды. Бүгінгі күнге дейін бес лек тапсырып үлгерді. Бүгін тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр. Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі қатысты. Бұл өтініш бергендердің 96%-ын құрап отыр. Оның ішінде қазақ тілінде - 56684 түлек, орыс тілінде - 14455. Ағылшын тілінде 87 түлек тапсырды», - деді Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша, кеше 24 маусымда ең жоғары нәтиже 140 балл тіркелген. Ол Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі - «Алтын белгі» иегері Қасымжан Жұбай. Әзірге ең көп таңдалып отырған пәндер қатарында физика, математика, биология жән химия бар.

Одан бөлек, ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 21 бала қатысқан. Оларға арнайы жеке аудитория беріліп, арнайы мамандар жұмыс істеген.

«ҰБТ өткізу технологиясын сақтау мақсатында өңірлерге жіберілген министрлік өкілдері оны қамтасыз етті. Барлық аудитория ұялы телефон сигналдарын басатын құралдармен, бейнекамералармен жабдықталған. Тестілеу өткізу мерзімінде Ұлттық тестілеу орталығының call-орталығына 546 қоңырау түсті.Олардың көбісін тамыз айындағы ҰБТ мен жоғары оқу орындарына түсу жайы қызықтырды. ҰБТ-2019 нәтижелері edu.mail.kz сайтында және телеграм-ботта - edu.gov.kz bot, сонымен қатар ұлттық тестілеу орталығының сайтында - www.testcenter.kz жарияланды», - дейді министрлік өкілі.

Тойбаев республикалық аппеляциялық комиссияға 111 өтініш келіп түскенін, оның ішінде 63-і қанағаттандырылғанын айта кетті.

pavlodarnews.kz

Тэги: