Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Азаматтарды қабылдау орны» фронт-офисін қалалық полиция басқармаларының бастықтары Нұрмағамбет Әбдірахманов және Талғат Арынов салтанатты түрде ашты.

- Барлық фронт-офистер ыңғайлы және қауіпсіздік сияқты барлық заманауи талаптарға сай келетін жеке қызметтік жай. Енді қаламыздың тұрғындары мен қонақтары полиция қызметінің барлық бағыттары бойынша толық кеңес ала алады. Фронт-офис дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді, - дейді департаметтен

Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрмағамбет Әбдірахманов өз сөзінде осы фронт-офистердің ашылуы халықтың полицияға деген сенімін арттыратынын атап өтті.

Жүгінген азаматтарға полиция басқармасы бөлімдерінің кәсіби білікті қызметкерлері сауатты кеңес пен түсініктемелер беретін болады.

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде ашылған полиция департаментінің фронт-офисі 300-ге жуық азаматты қабылдап, қажетті кеңестер берген.

 

Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам