Еске сала кетейік, 7 шілде күні сағат 21.40-та Екібастұз - Нұр-Сұлтан тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды. 1993 жылы туылған Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі бас жолға шыққан кезде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Нұр-Сұлтан қаласының 1980 жылғы жүргізушісі басқарған Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан.

Екібастұздық ауруханада зардап шеккендердің барлығына шұғыл көмек көрсетілді, олардың ішінде бес бала мен бір жүкті әйел болған. Ауруханада хирургтардың, травматологтардың, реаниматологтардың, операциялық мейірбикелердің қосымша бригадалары ұйымдастырылды.

- Қазір жансақтау бөлімінде екі зардап шеккен қыз бен жігіт жатыр. Олар екеуі де 1996 жылы туған. Әртүрлі ауыр жарақат алған, - деп хабарлады қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Светлана Подзорова. – Ішкі органдардың зақымдалуына байланысты жасалған операциядан кейін жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

Бас дәрігердің орынбасарының ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтаннан келген бес отбасы травматологиялық бөлімшеден шығуға дайындалады. 39 жастағы жүргізуші, оның жүкті әйелі, сондай-ақ 10, 5 және 3 жастағы үш бала амбулаторлық емге ауыстырылды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.


- Ішкі ағзалардың зақымдануына байланысты операция жасалған 23 және 26 жастағы жастар реанимациядан хирургиялық бөлімшеге ауыстырылды. Олардың жағдайы тұрақты, орташа ауыр, - деп нақтылады Светлана Подзорова. - Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде екі бала травматология бөлімшесінде толық көлемде ем алуда.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам