Жылу маусымына әзірлік қалыпты режимде жүзеге асырылуда. Қаланың тұрғын үйлері, әлеуметтік маңызы бар нысандарды дайындау жөніндегі жоспар әзірленді.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Есей Файзуллаев айтқандай, бүгінде шаһарымызда 144 үй ыстық сусыз отыр.

- Олардың 106-сы қаланың оңтүстік бөлігінде, ал қалған 38 үй – солтүстікте орналасқан, - дейді Есей Файзуллаев. – Қазіргі кезде «Павлодар жылу желілері» ЖШС Павлодарда сегіз учаскеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек, монополистер жылу тораптары, транзиттік желілер мен өзге де қондырғыларды ретке келтіруде.

Есей Файзуллаевтың айтуынша, «Павлодар жылу желілері» ЖШС барлық жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауға уәде берді.

Оған қоса, былтырғы жылы жеткілікті дәрежеде жылытылмаған үйлерде жылумен қамту көрсеткіштерін арттыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі кезде «Павлодар жылу желілері» ЖШС бұл жұмыстарды Қамзин, 82 және Толстой, 106 мекенжайларында атқаруда. Жөндеу аясында құбыр диаметрлері ұлғайтылып, жылу камералары дайындықтан өткізілуде.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: ТҮКШ, жылыту маусымы, «Павлодар жылу желілері», ыстық су