Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметі хабарлады.

- Қылқалам шеберлері көркем өлкенің тарихи-мәдени мұрасын шығармаларына арқау етті. Табиғат аясындағы шығармашылық шеберханада суретшілер үшін шеберлік сағаттары мен қасиетті жерлер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды, - дейді университетте.

Пленэр қорытындысы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ аумағында заманауи вернисаж өтті. Суретшілер Баян жерінде туған этюдтерін Ertis-Arbat дәстүрлі алаңында ұсынды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет