- Жол-көлік оқиғасы бүгін түнгі сағат үш шамасында Екібастұз - Павлодар тас жолында орын алды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде. – Бір КамАЗ істен шығуына байланысты жолдың жиегіне тоқтап, екінші КамАЗ жүргізушісі оған көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Үшінші КамАЗ жол жиегінде тұрған екі үлкен жүк көлігімен соқтығысқан. Қазір апат орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, Екібастұз қалалық ауруханасына 1982 жылы туылған ер адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, бел аймағының соққысы диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

pavlodarnews.kz

Тэги: