Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жалпы құрылған жұмыс орындарының 182,5 мыңы - тұрақты жұмыс, 88,3 мыңы - уақытша жұмыс орындары.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылған жұмыс орындарының ең көп саны көтерме-бөлшек сауда саласына тиесілі - 32 мың, құрылыста 30 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында - 24,8 мың.

Жұмыс орындарының ең көп саны Алматы қаласында (33,6 мың), Алматы (27,9 мың) және Маңғыстау (22 мың) облыстарында құрылды.

Ең аз мөлшері Қызылорда (8,7 мың), Батыс Қазақстан (9,8 мың) және Ақмола (9,4 мың) облыстарында құрылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: