- Осы бағыт бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешенін қолдана отырып, Павлодар мен Екібастұзда көшені жарықтандыруды жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылды, - деп хабарлады облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасында. - Жыл басынан бері электр энергиясын үнемдеу Павлодарда өткен жылмен салыстырғанда 28,2 млн теңгені, Екібастұзда 31,7 млн теңгені құрады.

Жалпы алғанда, облыста көшелерді жарықтандыру кезінде электр энергиясын тұтыну шығындарының 60%-ға төмендеуі байқалады.

Сонымен қатар, автоматты басқару жүйесінің жұмысы арқасында қызмет көрсету шығындары төмендеген.

 

Фото: ашық дереккөздерден 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам