Семинарды Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.

- Семинар қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған, - деді басқармада. – Онлайн семинарға Павлодар қаласы және Тереңкөл ауданының қазақ тілі оқытушылары қатысты. Дәріс барысында қатысушылар қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларын талқылады.

Аталған шарада дәріс оқушылар тыңдаушыларға қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқытудың тың әдістері туралы ақпараттарды берді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, семинар, латын қарпі