Бұл туралы облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Абыкешев мәлім етті.

- Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында Рината Сұлтанова скретч сайысында күміс медаль олжалады, - деді Нұрсұлтан Абыкешев. – Сондай-ақ велоспортшы бүгін омниум сайысына қатысады.

Айта кетейік, 21 жастағы павлодарлық Рината Сұлтанова Азия чемпионатында велоспорттың топтық жарыс, сректч, омниум және мэдисон түрлерінен сынға түсетіні хабарланған.

Еске салайық, 17 қазанда басталған құрлықтық бәсеке бүгін аяқталады. Тректегі велоспорттан Азия чемпионатында 30-дан астам елдің спортшылары сынға түсуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, велоспорт, Рената Сұлтанова, спорт