Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, бейсенбі күні Қарағанды, Теміртау және Ақтөбе қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

pavlodarnews.kz

Тэги: