Облыстық энергетик және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, 2017 жылғы шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарына 595 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі яғни, 516 миллоны биологиялық және химиялық препараттарды сатып алуға жұмсалмақ. 69 млн. теңге дезинсекциялау қызметіне және 10 млн. теңге ғылыми тұрғыда сүйемелдеу жұмыстарына бағытталмақ.

Биыл бұл бағыттағы жұмыстар алдымен Ертіс өзенінің жағалауына, сонымен қатар, жағалауда орналасқан Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, және Павлодар аудандарының аумағына жүргізіеді. Сондай-ақ, Павлодар, Екібастұз, ақсу қалаларындағы саябақтар мен скверлерді шыбын-шіркейден арылту жұмыстары жүргізіледі.

Еске салайық, өткен 2016 жылы шыбын-шіркейді өлтіру үшін облыстың үш қаласына 170 млн. теңге қаражат бағытталған.

Талғат Төре

 

pavlodarnews.kz