Қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалиннің айтуынша, биыл кварталішілік аумақты жарықтандыруға облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлінген.

- Жоспар бойынша 300 үйдің ауласын жарықтандыру керекпіз, - деді Әлібек Оразалин. – Аулаларда кабель төсеу, фундамент құю сияқты жер жұмыстарын 100 пайыз аяқтадық. Бүгінде аулаларда 1 мың діңгек орнатылған. Қосымша жұмыс тобы шығып, шамдарды іске қосып жатыр. Қазір 50 үйдің шамдары қосылған. Желтоқсан айының соңына дейін аяқтаймыз.

Конкурс бойынша «Астана базис А» компаниясы мердігер атанған. Жарықтандыруға арналған шамның бағасы 40 мың теңге болса, діңгек 80 мың теңге тұрады. Жарық шамына 1 жылға кепілдік беріледі.

Әлібек Оразалин сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру да қолға алынғанын айтты.

- Бұл бағытта Циолковский, 16 жол, 1 жол сияқты үлкен көшелерді жарықтандырудамыз. Темір жол кенті де жарықтандырылады. Сондай-ақ бізде шолақ көшелер көп. Соларды жарықтандырамыз. 1 мың шамның 900-ін орнаттық. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Әлібек Оразалиннің мәлімдеуінше, бүгінде Радиозауыт пен Лесозауыт жарықтандырылмаған. Оларға жұмсалатын шығын есептеліп қойылған. Лесозауытқа шамамен 50 млн теңге, Радиозауытқа 60 млн теңге қаржы қажет. Бұл аумақтарды жарықтандыру алдағы жылғы жоспарда қарастырылады.

Оразбек Саяхат
Фото: Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, аула, көше, шам, жарықтандыру