Бұл қызметке Әбілқайыр Сқақов тағайындалды. 

- Туған жерімде алдымызда қойған мақсаттарды бірігіп орындаймыз деп сенім білдіремін. Қолдағандарыңызға рахмет, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Үкімет басшысы, өз кезегінде, облыстың жаңа басшылығы алдында қойылған міндеттерді санамалап өтті.

- Қазіргі кезде облыс әкімдігі алдында маңызды міндеттер қойылып отыр, - деді Асқар Мамин. - Олардың ішінде облыс экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өнеркәсіпті дамыту мақсаттары қойылып отыр. Нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасын көтеру және табысын арттыру керек. Осы істердің барлығын сапалы жүзеге асыруға Әбілқайыр Бақтыбайұылының басшылық қызметтердегі тәжірибесі мен білімі жетеді деп сенемін.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Павлодар облысында дүниеге келген. 1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, 2000 жылы Семей мемлекеттік университетін «экономист және қаржыгер» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2017 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Master of Business Administration іскерлік әкімшілік шебері дәрежесі бар.

Павлодар облысында салық инспекторы болып жұмыс істеді. Қостанай облысы бойынша салық департаментін басқарды. 2012 жылдан 2014 жылға дейін қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдар аралығында елордалық мемлекеттік кірістер департаментіне басшылық етті.

2016 жылғы 1 желтоқсаннан – 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қорғаныс министрінің орынбасары (экономика және қаржы бойынша) қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуірінен соңғы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болды.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары: Төс белгілер: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ерең еңбегі үшін» (2014); Салық қызметінің үздігі (2011), Қаржы қызметінің үздігі (2012), Мемлекеттік қызмет үздігі (2014).

Фото: ашық көздерден және облыс әкімінің баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам