Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүлдіршіннің ата-анасы сыртқа шығып кеткен.

- Дереу оқиға орнына жедел жасақтан жұмылдырылған 4 адам бірінші қабаттың балконы арқылы кіріп, есікті ашты. Пәтердің ішінде бала жалғыз қалып қойған. Қала тұрғындарынан балаларды жалғыз қалдымауды және егде жаста жалғыз тұратын туыстарының хал-жағдайын жиі біліп тұруды сұраймыз. Себебі, соңғы кездері жалғызбасты адамдардың қайғылы жағдайға ұшырау фактілер жиі орын алады, - дейді департаментте.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақсу қаласында Қамзин көшесінде темір жол өткелінің жанында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Ашық аумақта 1993 жылы шығарылған  Opel Vectra автокөлігінің салоны мен мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар жанған.

№ 10 өрт сөндіру бөлімінен 5 адам мен 1 автоцистернаның көмегімен жалын 20 минуттың ішінде сөндірілді. Оқыс жағдайдың орын алуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Зардап шеккендер жоқ.

 

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам