Павлодар әкімінің орынбасары Хасар Хабылбеков хабарлағандай, оқиғаның басты себебі желілердің тозғанында. Оған қарамастан, 22:00-ге дейін Ломов, Катаев, Гагарин мен Қамзин көшелеріндегі үйлерді сумен қамту қалпына келтіріледі.

Қала әкімінің орынбасары Хасар Хабылбеков айтқандай, монополистке биылғы жөндеу жұмыстарын аталған ауданнан бастау жөнінде ұсыныс жолданады.

- Биыл «Павлодар-Водоканал» ЖШС желілерді жаңартуды жоспарлауда. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде аталған ауданды қамту қажеттілігі жөнінде ұсыныс жолдап, құбырларды ауыстыруға тырысамыз, - деді Хасар Хабылбеков.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: сумен қамту, желілер, құбыр, Павлодар-Водоканал