Бұл туралы 24.kz жазды. Көрмеге Иранның мәдениеті мен көне тарихынан сыр шертетін жәдігерлер қойылды. Құран сүрелері, дарынды суретшілердің, көркем жазу және ағаш өнері шеберлерінің туындылары да көпшілік назарына ұсынылды. Фестивальға жиналғандар ирандықтардың наурыз мерекесіне әзірлеген дастарханынан дәм татып қайтты.

Ғалия Теміртон, ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің ғылыми хатшысы:

- Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл мерекені түркі тілдес халықтармен бірге парсы тілдес халықтар да атап өтеді. Біздің музейде Иран мемлекетінің мәдениеті мен өнерін көрсеткенімізге қуаныштымыз.

pavlodarnews.kz