Бұл туралы агенттікке аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Қалышбеков мәлім етті.

- Құсбегілердің легін Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында өткен ХІ республикалық «Қансонар-2017» чемпионатының жеңімпазы Бақытжан Мұқашев пен елімізге белгілі бүркітші Иманзайып Тасыбаев бастайды. Олардың соңынан ерген 50  домбырашы бір мезетте Нұрғиса Тілендиевтің "Ата толғауы" күйін орындайды. Бұл күні жергілікті мекеме-ұйымдардың демеушілігмен 300 литр наурыз көже мен 100 келі бауырсақ, палау тегін таратылады. Әсіресе, тұрмысы төмен, жетім және аз қамтамасыз етілген отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан басқа, жылдағы дәстүр бойынша ұлттық спорт ойындары мен мерекелік сауда-саттық өтеді, - дейді Талғат Қалышбеков.



Бөлім басшысының айтуынша, білім беру ордалары мен әкімдіктің бөлімдері Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов сынды белгілі жерлестерінің атымен аталатын 10 киіз үй тұрғызады. Оның ішінде биыл алғаш рет аудандық мәлихаттың депутаты Орал Сартаевтың бастамасымен кәсіпкерлер жеке киіз үй тігуге ниет білдірген.

Ақбота Сейсенбаева

Суреттерді аудандық ішкі саясат бөлімі ұсынды

pavlodarnews.kz