Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше,  облыс әкімдігінің қолдауымен өткізілетін байқаудың мақсаты – балалар және жастар арасында салауатты өмір-салтын дәріптеу, көшбасшылық қабылетті дамыту және мектептерде жаңа стандарттар мен технологияларға сәйкес спорттық құралдарды сапалы жаңарту.

Барлық қатысушы-мектептер дипломмен марапатталады. Бейнеролик түрінде жіберілген сұранымдар байқау сайтында жарияланады. Жеңімпаз атанған 70 мектеп спорттық құралдар мен оны пайдалануға арналған әдістемелік құрал алады.

Байқауға қатысу сұранымдары 2017 жылғы 13 сәуірге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Ак. Шөкин көшесі, 146, «Жергілікті оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы».

Байқау туралы толық ақапаратпен және оның регламентімен www.meninelim.kz сайтында таныса аласыз.

pavlodarnews.kz