Алғашқы таймның соңында павлодарлық қорғаушы Евгений Мазунин есеп ашты.

Екінші таймда шабуылшы Павел Жилин мергендік танытты, алайда қонақтар бір гол соғып жауап қайтарды. Өткір сәттердің бірінде Алексей Красавин «Ертістің» үшінші шайбасын салды.
Соңғы жиырма минуттық ойында Александр Майер көзге түсіп, есепті 4:1-ге жеткізді.

Еске сала кетейік, қос клуб арасындағы бірінші ойында да павлодарлықтар жеңіске жеткен болатын. Ол кезде 4:2 есебі тіркелді.

¼ ойындарының келесі кезеңіне өту үшін «Ертіске» Петропавлда өтетін жауапты екі ойынның бірінде басым түссе жеткілікті.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz