Турнирдің шарттарына сәйкес бірінші болып команда капитандары өнер көрсетті. Олар облыс картасын білу үшін «Қала көшелері сөйлейді», «Біздің өлке болашақта» бағыттары бойынша сынға түсті. Өңірдің табиғи ерекшеліктерін білуіне «Крестик-нолик» бағыты көмектесті.

- Турнирдегі командалар нағыз із танушылар болды, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - «Дәрілік өсімдіктер» кезеңі балаларға дәрілік шөптер туралы мәліметті меңгеруге көмектесті. «Павлодар облысының танымал адамдары» бөлімінде оқушылар өлкенің қалыптасуына үлес қосқан адамдардың тарихы туралы білімдерін көрсетті. Шығармашылық қойылымдар қызыққа толы болды. Оқушылар облыс туралы өздері шығарған өлеңдерін айтты. Сондай-ақ қала көшелеріне экскурсияға шығып, олардың пайда болу тарихы туралы әңгімеледі.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының әдіскері, қазылар алқасының төрайымы Әлия Жүнісова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер оқушыларды ұлттық тарихқа баулу, туған жеріне ұқыпты қарауды қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.

Барлық кезең қорытындысы бойынша I орынды қазақ тілінде оқытатын мектептер ішінде Б. Момышұлы атындағы мектеп құрамасы, орыс тілінде оқытатын мектептерден I орынды № 27 ЖОМ құрамасы иеленді. Орталық грамотасымен № 30 ЖОМ командасы марапатталды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: