Әлемге әйгілі футболшы "А" сериясының 25-турында гол соғып, рекорд жаңартты. Бұл туралы Eurosport.ru сайтында хабарланды, деп жазды BAQ.KZ.

35 жастағы ойыншы Италия чемпионатында 11 ойын қатарынан көзге түсті. Бұл көрсеткішпен ол Габриэль Батистуте мен Фабио Куальярелленің рекордына теңесті.

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы айтулы күнде СПАЛ қақпашысынан айласын асырып, командасының жеңісіне үлесін қосты.

Осылайша, Криштану Серия А-да 11 ойын бойы үздіксіз гол соққан үшінші футболшы атанды. Осыған дейін бұл нәтижені Габриэль Батистута мен Фабио Квальярелла тіркеген.

pavlodarnews.kz

Тэги: