Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

ҚР ҚК әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларына сәйкес әскери қызметшілер 169 киім түрімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тілші: Қарулы күштерде қандай киім түрлері бар?

Асылбек Сатыбалдинов: ҚР ҚК әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларына сәйкес әскери қызметшілер 169 киім түрімен, оның ішінде фуражка, қалпақ, китель, жылы күртеше, жейде, галстук, бәтеңке, туфли, және т.б. қамтамасыз етілуі тиіс.

Әскери киім нысанының бірнеше түрі бар: ерекше салтанатты, салтанатты, күнделікті, далалық және жұмыс формасы. Сондай-ақ, олар жазғы, қысқы, сапқа арналған және саптан тыс, тиісінше ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді.

Әрбір әскердің өз киім кию нысаны болады.

Әскери қызметшілердің киімі үшін жаңа түс үйлесімділігі қолданылады;

Құрлық әскерлері киім нысанының түсі – қара жусан түстес;

Әуе қорғанысы күштері киім нысанының түсі – көк;

Әскери теңіз күштерінің киім нысанының үлгісі – қара;

Жоғары офицерлік құрамның салтанатты киім кию нысаны қазақи ою-өрнек пен лавр өрнегімен әрленіп біріктірілген.

Тілші: Киімді сатып алудың тәртібі қандай?

Асылбек Сатыбалдинов: Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы жүйесінде Қорғаныс министрлігі тек әскери тауарларды, яғни дайын өнімді алушы болып табылады, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігімен бірігіп, келісімдер жасайды.

Қорғаныс министрлігі келісімшарт жасау міндеттемелері процесіне қатыспайды. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындаушыларымен, яғни мата өндірушілерімен тікелей келісімшарт қатынастарына Қорғаныс министрлігінің қатысы болмайды.

Тілші: Техникалық ерекшеліктеріне байланысты ұсынысты Қорғаныс министрлігі жасай ма?

Асылбек Сатыбалдинов: Иә, киім кию нысанына қойылатын барлық талаптарды Қорғаныс министрлігі ұсынады. Техникалық ерекшеліктерді әзірлеу кезінде ҚР құрлықаралық ауа райы, яғни температура жазда 45-тен жоғары қысқы уақытта 50 градус 0-ден төменге дейін, күз және көктемде қатты жаңбыр мен желде өзгеруі ескеріледі. Киім кию нысанының әскери қызметшіні қорғауы біз үшін маңызды, далалық шығулар мен жауынгерлік іс-әрекетті орындауда функционалды болу керек. Сонымен қатар, киім кию нысаны жауынгерлік тапсырмаларды орындауда әмбебап және ыңғайлы болуы шарт. Әскери іс-әрекетті орындағанда түрлі жағдайлар болуы мүмкін, атап айтқанда әскери қызметші жарақат алуы мүмкін, сондықтан осы ерекшеліктердің барлығы ескерілуі қажет.

Әскери киім кию нысанына қойылатын талаптарды әзірлеу кезінде өткен жылдардағы киімдерге, заманауи технологиялар мен шет елдердің озық тәжірибелеріне талдау жасалады.

Қазіргі таңда заманауи жоғары технологиялық маталардың пайда болуымен ҚР ҚК әскери қызметшілердің киім кию нысанын, көбіне далалық киім кию нысанын дайындауға пайдалану қажеттілігі туындады.

Тілші: Матаға қатысты талаптар қаншалықты жиі өзгереді?

Асылбек Сатыбалдинов: Сатып алынатын заттай мүліктің техникалық ерекшеліктері тікелей орындаушы кәсіпорындармен әзірленіп, келісілген. Бүгінгі таңда, технологиялар бір орында тұрмайды, сондықтан біз киім сапасын жақсарту қажеттігін түсінген кезде, ойлағанымызды жүзеге асырамыз. Бірақ тағы да айта кеткім келеді, бұл сәттердің бәрі бірінші кезекте орындаушымен келісіледі, өйткені олардың мүмкіндіктері де шектеулі.

Мәселен, 2015 жылы үстіңгі киімге қажетті материалдар аралас рипстоп мақта-мата түрінен көрсетілген.

Тауар өндірушілер өздері өндіретін маталарды техникалық ерекшеліктерге қосу туралы Қорғаныс министрлігіне ресми хат жолдады. Қорғаныс министрлігі (2015-2016 жж) осы мәселені қарай отырып, отандық өнімді қолдау мақсатында отандық өндірушілердің шикізаттарын, маталары мен материалдарын пайдалану жайлы бөлігіне техникалық ерекшеліктерге және әзірленіп жатқан стандарттарға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, далалық киім нысаны.

2016 жылы қорғаныс министрі Қазақстан аумағында полиамидті жіптерден (күртешелер, мембраналық құрамдарға сіңдіруге салынған маталар), полиэфирлі жіптерден, рипстоп және тағы да басқа маталар өндіру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

2016-2017 жылдары әскерде ұсынылған мата түрінен жасалған киім-кешек қолданылды, алайда оның сапасы төмен, мерзімінен бұрын тез тозатын болып шықты.

Әскери бөлімдер мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналарының тараптарынан түскен сансыз шағымдарынан кейін, әскери бөлімдер мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналары тарапынан далалық киім-кешек матасының сапасына, сарбаздардың қыс мезгілінде тоңып, сырқаттануына байланысты техникалық ерекшеліктерді қайта қарау және "Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ мен "Жасампаз" консорциумының бұрынғы ескертулері мен ұсыныстары негізінде өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Тілші: "Рипстоп" деген матаның түрі қандай?

Асылбек Сатыбалдинов: Рипстоп – бұл далалық киімдегі мата болып табылады. Ол әдетте полиэстерден немесе нейлоннан жасалған, армиленген жіптің арқасында матаның салмағы мен тығыздығы сақталады, сонымен қатар жоғары төзімділікке ие.

Рипстоп матасы су өткізбеушілігі, су мен отқа төзімділігі, салмағы, сынды текстураның түрлі сипаттамаларымен талаптарға сәйкес өндіріледі. Бұл сипаттамалар дала жағдайында, оқу-жаттығу және сабақ кезінде өте маңызды болып табылады.

Тілші: Полиуретанды төсемі бар киім-кешекке қатысты жаңа талап қабылдау туралы шешім не үшін қабылданды?

Асылбек Сатыбалдинов: Әскери киім нысанын жақсарту мақсатында әскери қызметшілердің пікірлері мен шешімдері, сонымен қатар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тәжірибесіне сүйене отырып, 2019 жылдың қаңтар айында құрамында полиуретанды төсемнен тұратын матадан жасалған далалық жылы күртешені үлгі ретінде дайындау ұсынылған болатын.

Бұл шешімді талап деп айту қате, себебі қорғаныс министрлігі отандық тауарды жеткізушілерге далалық киімнің сынамадан өткен түрлерін дайындап беру ұсынылды. Өз кезегінде тауар жеткізушілермен үлгі үшін жасалған топтаманы жеткізу және тәжірибелі әскери киім киілу жүргізуді ұйымдастыру туралы келістік.

2019 жылдың басында МҚТ-2019 аясында сатып алынатын далалық қысқы нысанды киім-кешектің көлемі 10 мыңға жуық полиуретанды төсемді жиынтығын алу туралы бекітілген. Қарулы күштерге ол жиынтық өткен жылдың аяғында келіп түсті және 2020 жылдың ақпан айынан бастап киімді тәжірибе ретінде әскерлерге беруге дайын.

Тәжірибелік киім киіліп тексеруден (сынақ мерзімі - 6-10 ай) өткен соң олардың талдау мен одан әрі қолданудың ұсыныстары бойынша қорытынды қабылданды.

Далалық киім жеке әскери қызметші мен жалпы ҚР ҚК-нің жауынгерлік әзірлікті анықтап қана қоймай, қазіргі заманның талабына сай болу керектігін түсіну қажет.

Бұл тексеру тәртібі бойынша матаны тәжірибеде тексеру қажет, оның берілген сипаттамасы расталса, 2021 жылдан министрлік оны сатып алуға кіріседі.

Тілші: Біздің әскери қызметшілерге арналған әскери киім нысанын дайындайтын жеткізушілер кімдер?

Асылбек Сатыбалдинов: Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша сатып алынатын 96%-ға дейін қажетті мүлікті министрлік отандық тауар өндірушілерге тапсырыс беруді жөн көреді. Айта кетсек, қалған 4%-ы мемлекеттік сатып алудың қазақстандық мүгедектер қоғамы арасында конкурс жариялау арқылы тапсырыс беріледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: