Бұл туралы Phys.org сайтындағы баспасөз хабарламасында айтылды деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Мамандар Түркияның оңтүстігіндегі Түрікмен-Қарақойық (Türkmen-Karahöyük) деп аталатын қазба орнын зерттеді. Олар ирригациялық каналдан қола және темір дәуірінде кең таралған лувиялық тілдегі жазулары бар үлкен тас ескерткішті тапты. Мәтінде Хартапу патшаның Фригияны жеңгені сипатталған, ал түрікмен-Қарақойық жұмбақ патшалықтың астанасы болған. Сонымен қатар, қыш құмыраның сынықтары да табылды.

Зерттеушілер сонымен бірге шамамен 1,2 шаршы шақырым аумақты қамтитын шағын қаланың қирандыларын тапты. Алайда ғалымдар оның ежелгі қай патшалыққа жататынын әлі білмейді. Нәтижесінде, археологтар үміт еткендей, сарайлар, үйлер және басқа да ескерткіштер табылады деген сеніммен қазба жұмыстары әрі қарай да жалғасын таппақ.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: