Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәліметінше, кеше сағат 15.45-те № 20 өрт сөндіру бөліміне аудандық орталық аурухананың медбикесі 1940 жылы туған тұрғынның жеткізілгені туралы хабарлаған.

- Қазіргі таңда зейнеткер орташа деңгейде улану диагнозымен терапевтік бөлімшеде ем қабылдауда. Оның мұндай жағдайға тап болуына пештен ақау шығуы себеп болған. Оқиға орнында сынақ жүргізу зертханасының мамандары жұмыс істеді, - деді департаментте.

Ақбота Сейсенбаева

 

pavlodarnews.kz