Жобаның Павлодар облысындағы өкілі Евгений Хабаров хабарлағандай, барлық шаралар норвегиялықтардың мемлекеттік мейрамы Конституция күні аясында жүзеге асып отыр.

    -17-20 мамыр күндері Алматыда, 20-21 мамыр күндері Павлодарда ересектер мен балаларға арналған ғажайып кештер, кездесулер мен шеберлік сағаттары өтеді. 20-мамыр сағат 12:00-де С. Торайғыров атындағы кітапханада «Vernissage» сән театрының қоюшысы Сергей Обрезчиков балаларға арналған норвегиялық ұлттық ертегілер оқып береді. Келесі күні дәл сол уақытта павлодарлық География үйінің өкілі Данил Вервекин Норвегияның тарихы мен мәдени құндылықтары туралы айтып береді. Қос шараға кіруг тегін, - дейді Евгений Хабаров.

Барлық сұрақтар бойынша +7-747-438-75-65 нөміріне хабарласуға болады.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz