«ҚЭЗ» АҚ-ның президенті Роман Романовтың айтуынша, қазіргі таңда зауыт толығымен импорттық шикізаттан бас тартқан.

- Өндіріс процесіне ERG тобына кіретін «Қазақстан Алюминийі» АҚ мен «ССГПО» АҚ шығаратын қазақстандық құймақалыптардың тәжірибелі партиялары енгізілген, - деді ол. – Бұған дейін екі өндіріс элементі Қытайдан жеткізілетін. Біздің кәсіпорындарда шығарылатын өнімдерден павлодарлық «Қазэнергокабель» ЖШС мен оңтүстік қазақстандық «ЦветЛит» ЖШС созба сым өндіреді.

Алғашқы алюминийден қорытпа дайындау кластердің келесі даму сатысы болып табылады. Бүгін «ҚЭЗ» АҚ «Giessenhaus» ЖШС-мен 20 мың тонна қанатты металл өндірісі бойынша келісімшартқа қол қоюға дайындалуда.

Қазақстан электролиз зауытының алғашқы кезеңі 2007 жылы жұмысқа кірісіп, жылдың соңында кәсіпорын 11 мың тонна алғашқы алюминий шығарған. 2010 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өндірістің екінші кезеңін іске қосты. Соның нәтижесінде зауыт 250 мың тонна жобалық қуаттылығына көшкен. 2011 жылы 251 мың тонна қазақстандық алюминиймен шығарылған өнім көлемі аяқталған болатын. Қазіргі таңда электролиз зауытында шамамен 2500 адам жұмыс істейді.

Томирис Бекжан

Суретті түсірген - Асқар Ғазизов

pavlodarnews.kz