Бұл туралы 24.kz жазды.  Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Төлеутай Рақымбеков мәлімдеді. Осы уақытқа еліміздің 9 өңірі ғана шетелге ет өнімдерін экспорттай алады. Ал әзірге Қызылорда, Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары бұл тізімге енгізілмей отыр. Себебі онда алдыңғы жылдары мал ауруы тіркелді. Дегенмен нақты шешім 25 мамыр күні Парижде қабылданады. Егер халықаралық Эпизоотиялық бюро рұқсат берсе, еліміздің барлық аймақтары әлемдік нарыққа өз өнімдерін шығара алады.

Төлеутай Рақымбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Өткен аптада халықаралық эпизоотиялық бюроның сарапшылары елімізге келді. Енді 25 мамырда бюроның бас ассамблеясының отырысы өтеді. Біз сараптама нәтижелері дұрыс болатындығына сенеміз. Егер оң қорытынды шығарылса, еліміздің барлық аймағы халықаралық нарықта сауда-саттық жасайтын болады.

pavlodarnews.kz