Бұл туралы өңірлік коммуникациялар  қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім етті.

- Ауыл және қала жастары арасындағы білім сапасындағы қашықтықты жою мақсатында ауылдық елді мекендерді өмір сүретін дарынды балаларды анықтау және оларды бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу үшін облыстағы үздік мектептердің базасында осындай лагерьлер ұйымдастыру көзделіп отыр. Мұнда тек ауылдың балалары келеді. Бұл жазғы олимпиадалық мектеп  десе болады. Сол жерде балалар ғылыми жобалар  мен пәндік олимпиадаларға қатысуға дайындық жүргізеді. Қосымша сабақтар өткізіледі.  Бұл жекелеген пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Басқарма басшысының айтуынша, 1-10-сынып оқушыларының жалпы санының 99,9%-ын құрайтын 105 мыңнан астам оқушыны демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жазғы науқан барысында әртүрлі бағыттағы 750 лагерь жұмыс істеуге дайын.

Орта және жоғары буын оқушылары мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында әртүрлі бағыттағы бейінді лагерьлер мен отрядтарда жұмыспен қамтылатын болады.

Қала сыртындағы лагерьге жолдама сатылымда, олардың құны орта есеппен 24 мың теңге. Мектеп жанындағы лагерьде орта есеппен 7 мың теңге тұрады.

Жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 16 мыңнан астам (100 %) бала, сондай-ақ жетім балалар қатарынан мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде демалумен және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл мақсатқа 189 млн теңге бөлінген. 

Еске сала кетейік, Павлодар облысында жазғы лагерьлердің ашылуы 15 маусымнан кейін қарастырылатын болады. Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес өңірде ауру көрсеткіші апта ішінде кем дегенде 2 пайыз болғанда ғана балалар сауықтыру лагерлерінің жұмысына рұқсат беріледі.

Бүгінгі таңда біздің өңір 80 пайыз көрсеткішпен елімізде төртінші орынды алады. Қалғандары - сырттан әкелінген немесе бұрын ауырғандармен байланыста болғандар. Өңір тұрғындары арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру фактілері жалғасуда. Барлығы 224 оқиға тіркелген. Оның 80-і Павлодар, 138-і Екібастұз, екеуі Ақсу қаласына және төртеуі Баянауыл ауданына тиесілі. 1-4 маусым аралығында өсу көрсеткіші 8,7 пайызды құрады. Өткен аптада дүйсенбіден жексенбіге дейін 9,2 пайызға жетті.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам