Бұл туралы америкалық Forbes журналы хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.

35 жастағы ойыншы 2020 жылы $105 млн ақша тауып, Forbes рейтингінде төртінші орын иеленді. Аргентиналық Лионель Месси ($104 млн) тізімде бесінші орынға жайғасқан. Ол келесі жылы миллиардерлер тізімін толықтыруы мүмкін. Ал Роналду спортшылар арасында теннисші Роджер Федерерден кейін ($106,3 млн) екінші болды.

$1 млрд қаржының $650 миллионы футболшының 17 жыл бойы кәсіби мансабында алған жалақысы екені аталып өтілді. «Ювентуспен» келісімге сәйкес, 2022 жылы бұл сома $765 млн қаражатқа өсуі тиіс.

Роналду «Ювентус» құрамында 2018 жылдың жазынан бері алаңға шығып келеді. Бұған дейін ол испандық «Реал», Англияның «Манчестер Юнайтеді» мен португалиялық «Спортинг» құрамында ойнады. Ол бес рет «Алтын доп» иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, үш дүркін Англия чемпионы, екі рет Испания және Италия чемпионы болған.

pavlodarnews.kz

Тэги: