Александр Бабенко 19 жыл бойы аталмыш спорт ұйымына жетекшілік етуде. Осыған дейін ол республикалық федерацияның вице-президенті болған.

- Павлодарлық команда - үш дүркін чемпион, Азия чемпиондары кубогінің иегері. Бұл титулды бізден басым тұрған 20 миллион тұрғыны бар қытайлық Гуанчжоу ғана ұтып алған. Мен көптен бері шахмат ойнаған жоқпын. Бүгін сәті түсіп тұр, ақ түсті таңдаймын. Ең бастысы - мен еш нәрсені жоғалтпаймын. Егер жеңсем, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағын қорғап қалармын, жеңілсем, өкпелемеспін, соңғы буын алдыңғы ұрпаққа қарағанда мықтырақ болады.

Бес минутқа созылған жылдам шахмат партиясында аудан әкімі жеңіске жетті.

Еске салайық, бұл күндері барлық қала мен аудан әкімдері ЖОО мен колледждердің жоғарғы курс студенттерімен кездесіп, әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндауда. Мұндағы негізгі мақсат - жастарды мемлекеттік қызметке тарту мен облыстың әр аумағын кеңінен таныстыру.

Думан Асқарбек
Суретті түсірген - Роза Мустафина

pavlodarnews.kz