Жөндеу жұмыстары басталған энергоблокта Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов болды.

 Корпорация өкілдерінің айтуынша, жаңғыртуға дейін блоктың қуаттылығы 300 МВт болса,  жаңғыртудан кейін 325 МВт-қа дейін артпақ. Жобаның құны - 200 миллионнан астам доллар.

-    N5 энергоблокты жаңғырту 2018 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған, - дейді «ЕЭК» АҚ-ның бірінші  вице-президенті Марат Бүгүбаев. – Бұдан бөлек, жыл сайын бар қуаттылықты ұстап тұру үшін жөндеу бағдарламасын өткіземіз. Былтыр блоктардың бірінде орташа, басқасында күрделі жөндеу жүргізілді.

2018 жылы бірінші тоқсанда корпорацияның бір бөлімшесі - «Шығыс» кенішінде N2 ағымды-циклді аршу кешені енгізіледі. Өткен жылдың соңында күрделі жөндеуден кейін кәсіпорында N2 энергоблок іске қосылды. Жаңартылған блокпен бірге құрамына сымсыз датчик, датчиктер мониторингі жүйесі мен дірілдиагностика енгізілді.

 Ақсу электр станциясының энергоблоктарындағы қайта қалыпқа келтіру жұмыстары 2001 жылдан бастап жүзеге асырылады. Сегіз блоктың бесеуі кешенді жаңғырудан өтті.

Томирис Бекжан

Суретті түсірген Валерий Бугаев


 

pavlodarnews.kz