Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің студенттері музыкалық-театрландырылған қойылым әзірледі. Шығармашылық кеш әнші, бишілер мен халық өнері майталмандарының тартуларымен үйлесім тапты.

«Бірлік» студенттік Ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының өкілдері көктем мерекесіндегі дастархан жайында әңгіме өрбітті.

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің ғалымдар қауымы Наурыз мерекесінің тарихын мәдениеттану, филология және философиялық жағынан қызу талқылады.

Қазақстан этностарының ұлттық тағамдары биылғы жылы мерекелік дастарханның көркіне көрік қосты. Меймандар татар халқының чак-чагы мен учпочмагын, шешен халқының хворосты мен корей халқының кадюри тағамынан дәм татты.

Сонымен қатар, «Асық» ұлттық ойыны бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, мәдениет