Тек батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, түнде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: