Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі 30.11.2021

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Биыл қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Осынау жылдар ішінде еліміз өркендеп, барлық сала дамып келеді. Соның бірі – Қазақстанның машина жасау саласы.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Машина жасау саласы – бұл өнеркәсіптің барлық саласын жабдықпен қамтамасыз ететін және ғылыми техникалық прогресс деңгейін айқындайтын заманауи өнеркәсіптік өндірістің базалық саласы.

Қазақстан машина жасаушылар одағының мәліметінше, 2021 жылы машина жасау саласында өндіріс көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 24%-ға өсті.

Айта кетейік, машина жасау саласы әлемдік сауданың 40% құрайды.

#Тәуелсіздік30: Машина жасау саласы

Барлығымыз күнделікті өмірде, яғни өндіріс пен тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар машина жасаумен байланысты екенін білеміз. Жалпы машина жасау 37 саладан тұрады.

Машина жасау кешенінің салалары:

1.    Металлургиялық: блюминг, слябинг, пешке арналған жабдықтар.

2.    Энергетикалық: қазандықтар, турбиналар, генераторлар, моторлар, трансформаторлар, энергетикалық блоктар.

3.    Транспорттық: локомотивтер, вагондар, кемелер, ұшақтар, автомокөліктер, құрылыс-жолдары техникасы.

4.    Ауылшаруашылық машина жасау: тұқым сепкіш машиналар, дестелегіштер, комбайндер, тракторлар, астық тазартқыштар, азық цехтары және т.б.

5.    Тау-кен: мұнай, көмір, газ, кен шығаратын машиналар, таулы комбайндар, экскаваторлар.

6.    Құрал жасау: өлшеуіш құралдар, автоматтық, телемеханикалық.

7.    Тұрмыстық техника: теле және радиоаппаратура, тоңазытқыштар, кір жуу машиналары, асүй комбайндары және басқалар.

8.    Станок жасау: құрал-жабдық өнеркәсібі, металл өңдеуге арналған станоктар, сүргілеуші, ажарлаушы құралдар.

Тәуелсіздік жылдары елімізде техниканың соңғы түрлері шығарыла басталды. Атап айтқанда, тепловоз, электровоз, жолаушы және жүк вагондары, автобус, аккумулятор, трактор, комбайн, кран, кабель өнімдері, жарықдиодты шамдар, сорғы жабдықтары, жолаушы лифтілері.

Қазақстан машина жасаушылар одағының деректеріне сәйкес бүгінгі күні елімізде бұл салада 3 мыңнан астам кәсіпорын бар. Онда шамамен 120 мың адам жұмыс істейді. Қазіргі күні Қазақстанға Siemens, General electric, Alstom, Hyundai, Claas және басқа да көптеген компания келіп, жұмыс істеуде. 

Статистикалық дерек бойынша бұл саладағы өндіріс көлемі 2010-2020 жылдар аралығында 376 млрд теңгеден 1,8 трлн теңгеге дейін өсіп, 5 есеге көбейді. Осы жылдың қорытындысы бойынша көлем 2 трлн теңгеден асу күтілуде. 2021 жылдың 9 айында өндіріс көлемі 1,6 трлн теңге болып, өсім 23%-ды құрады.

Сонымен қатар қазақстандық өндірушілер өнімдерін шетелге, атап айтсақ, Ресей, Қытай, Орта Азия, Европа, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдерге экспорттайды. Былтыр машина жасау өнімдері 1,3 млрд АҚШ долларына экспортталды. Одан бөлек, экспорт өнімдері теміржол бұрмалары, рельстер, локомотив және вагон, трансформатор, аккумулятор, кабель өнімдеріне кеңейтілді.

Машина жасауды дамытудың Жол картасы

Машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасын іске асыру аясында келесі нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар қарастырылған:

1.     Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту;

2.     Тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайту;

3.     Импорт алмастырудың тиімді тетіктерін енгізу;

4.     Жергілікті қамтуды дамытуды қолдау;

5.     Экспортты ынталандыру;

6.     Еңбек өнімділігін арттыру;

7.     Салаға қосымша инвестициялар тарту;

8.     Машина жасау саласында кәсіпкерлікті ынталандыру және ШОБ-ты дамыту;

9.     Машина жасаудағы отандық ғылымды, ҒЗТКЖ, инжинирингті дамыту;

10. Қазақстанда машина жасаудың негізгі секторлары үшін құрауыштардың;

11. Жаһандық өндіруші-жеткізушілерін ұйымдастыру.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев:

Машина жасау саласының отандық өндірісін қолдау мақсатында министрлік Қазақстан машина жасаушылар одағымен бірлесіп машина жасаудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеп, бекітіп, жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда жол картасының 48 функциясы орындалып, 9-ы жүзеге асырылуда. Осыған орай, негізгі шаралар мерзімінен бұрын орындалғандықтан, қазір жол картасын өзектілендіруді қайта бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ел экономикасына 9 трлн теңгеден астам қаражат тартылып, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 450 млрд теңгеден астам сомаға 360-қа жуық жоба жүзеге асырылды. Бұл осы машина жасау саласына қатысты болып отыр. Егер өңдеуші экономиканың барлық секторы жылына орта есеппен 6-7% деңгейінде өссе, машина жасау өткен жылы 16%-ға өсім көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда машина жасау 24%-ға өсіп отыр. Яғни бұл өңдеу өнеркәсібінің ішінде экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан саласы десек болады. Былтыр автоөнеркәсібімізде 75 мың автокөлік болса, биылғы мақсатты көрсеткішіміз 100 000 деңгейіне кету. Тағы бір айта кететіні, былтыр Қазақстан нарығында 96 000 көлік сатылса, оның 67 мыңы отандық өнім. Яғни сатып алынған жаңа көліктердің 1/3 бөлігі отандық автоөнеркәсіптің үлесіне тиесілі. Өткен жылы жеңіл автомобильдер экспортының көлемі 8 000-нан асты. Біздің елімізде биылғы жылы көрсеткіш 15 000 деңгейінде белгіленса, келесі жылғы мақсат 30 000.

Автокөлік өнеркәсібі – машина жасау саласының қарқынды дамып келе жатқан ірі салаларының бірі. Қазір Қазақстанда дискілер, аккумуляторлар, пластмасса бөлшектері өндірісі дамып келеді, сондай-ақ ел аумағында ауылшаруашылық техникасының көптеген элементі шығарылады. Осы жылы біз Қостанай облысында да локализация орталығын іске қостық, онда ауыл шаруашылығы техникаларына 2 000-нан астам бөлшек шығарылады.


Машина жасау саласы 2021 жылдың 9 айында 22,8% деңгейде тұрақты өсімді көрсетті.

Қай салада қандай өсім болды:

- автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер (+31,6%),

- машиналар мен жабдықтар (+38,7%),

- басқа көлік құралдарын өндіру (+50,5%),

- компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+25,4%),

- электр жабдықтары (+2,6%),

- жөндеу және орнату (+6,5%) есебінен болды.


Машина жасаушылар одағы Үкіметпен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, «Машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын» жаңартты.

Одақ ұсынған шаралар:

- өндіріс көлемін 2 есе ұлғайтуға,

- шамамен 840 млрд теңге инвестициялар тартуға,

- импортқа тәуелділікті азайтуға,

- экспорт пен салық салынатын базаның үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, машина жасауда индустрияландырудың 10 жылында 400 млрд теңгеге 135 жоба іске асырылды және 2025 жылға дейінгі жоспарда 160 млрд теңгеге 14 жоба жүзеге асырылады.

9 айда 64 мың көлік

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда барлық үлгідегі 63 559 көлік құралы өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға жоғары, ол кезде 50 660 бірлік техника шығарылған.

Негізгі көлемді жеңіл автокөліктер қамтамасыз етуді жалғастырып келеді. Атап айтқанда, 55 016 көлік шығарылды. Сондай-ақ жүк техникасын өндіру көлемі айтарлықтай артып, 6 971-ді құрады. Бұдан бөлек, 872 автобус, 489 тіркеме және жартылай тіркеме, сондай-ақ 211 басқа да мамандандырылған техника шығарылды.

«СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнына өндірілген барлық автокөлік құралдарының жартысынан астамы тиесілі. Осы жылы Қостанай зауыты 38 309 бірлік жеңіл көлік, жүк автомобильдері мен автобус шығарды. Алматылық Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы 19 585 автокөлік шығарды. Ал Семей өңіріндегі СемАЗ 3 155 бірлік коммерциялық техника өндірді. Көкшетауда «КАМАЗ Инжиниринг» 1 115 жүк көлігін, алматылық Hyundai Trans Auto 586 коммерциялық автокөлік және Daewoo Bus Kazakhstan 207 бірлік техника шығарды. Саран қаласындағы QazTehna жаңа зауыты Yutong 143 автобусын шығарды.

Отандық кәсіпорындарда өнімдері игерілген ең танымал брендтердің бестігіне Chevrolet (23 556), Hyundai (19 643), Kia (6 871), JAC (4 488) және ГАЗ (149) кіреді.

Биылдың 9 айында дайын автомобильдерді жеткізу 43%-ға, жалпы сомасы 52,4 млрд теңгеден асатын 7 816 автомобильге дейін өсті.

Шетелдік сатылымдардың негізгі бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі (4 346). Сондай-ақ Өзбекстанға - 2 968, Беларусь еліне - 398, Қырғызстанға - 102 және Әзірбайжанға - 2 техника жөнелтілді.

Тоқаев үндеуі

Бұған дейін қыркүйек айында өткен Қазақстан машина жасаушыларының IX форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасаған болатын.

Пандемияға қарамастан, отандық машина жасаушылар - экономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшылардың бірі. Сала 24%-ға артты. Бұл - өңдеуші өнеркәсіп секторының дамуына қосылған елеулі үлес. Индустрияландырудың алғашқы он жылында өңдеуші өнеркәсіптің экономиканың дамуына қосқан үлесі тау-кен өндіру саласының үлесінен асып түсті. Қазақстандық машина жасаушылар қойылған міндеттерді лайықты орындауда. Шығарылатын бұйымдар номенклатурасын кеңейтіп, жаңа технологиялық әзірлемелерді енгізуде. Жалпы елдегі экономикалық өзгерістер көшбасшыларының қатарында келеді. Мемлекет машина жасау саласының сұранысқа ие жобаларын әрдайым қолдап келеді және қолдай береді. Жолдауда мен 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 24 млрд долларға дейін және еңбек өнімділігін 30%-ға ұлғайту міндетін қойдым. Бұл үшін мемлекет өнеркәсіптік саясат туралы заң қабылдап, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды барынша қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету тетігін бекітеді. Отандық агроөнеркәсіптік және өнеркәсіптік саясат ұштастырылады. Қазақстанның машина жасау саласы экономикалық өсімнің, жұмыспен қамту мен экспорттың қозғаушы күшіне айналатынына сенімдімін, - деп айтқан болатын.

Количество показов: 279

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Өңірлерде азық бағасы тұрақтанды ма? «Ақсудың» жігіттеріне сенім артамыз. Ауыл тұрғындарының тұрмысын қалай көтереміз?
21:03 21.01.2022  5

Павлодарда қоғам белсенділері бірқатар мекемелерінің жұмыстарындағы олқылықтарды анықтады
20:29 21.01.2022  13

Павлодарлық әйел өз ұлының үстінен полицияға шағымданды
20:05 21.01.2022  12

Павлодардағы зағиптар қоғамында өндірілген дайын өнімдерді сатуда не кедергі?
19:32 21.01.2022  18

Кенжекөл ауылына жүретін автобус уақыты ұзартылды
19:01 21.01.2022  20

Qatar Airways пен Air Arabia Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды
18:37 21.01.2022  18

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Павлодарэнерго» АҚ-ның жұмысшыларымен кездесті
18:03 21.01.2022  23

Бізге жаңа салық саясаты қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев
17:34 21.01.2022  21

Павлодарлық оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шығармашылық байқауына қатысты
17:03 21.01.2022  23

Ақсу қаласының маңында теміржол арқылы өтетін өткелдің құрылысымен байланысты көп жылдық проблемасы қолға алынды
16:04 21.01.2022  33

Әбілқайыр Сқақов: Биыл Черемушки ауылында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады
15:48 21.01.2022  31

Павлодарлықтың жүрегін елордаға жеткізу үшін дәрігерлер бастарын қатерге тікті
15:26 21.01.2022  43

Екібастұздық мұғалім оқушылар арасында тегін үстел ойындарын әзірлеуде
15:06 21.01.2022  30

Мас күйінде көлік жүргізген павлодарлық полицейлерден айласын асыра алмады
14:34 21.01.2022  36

Павлодар облысында қыстаулар штаттық режимде жұмыс істеуде
14:04 21.01.2022  35

Павлодарда бірқатар тұрғын үй жылусыз қалды
13:23 21.01.2022  45

«Ертістің» бұрынғы ойыншысы жаңа командасы үшін әдемі гол соқты (ВИДЕО)
13:10 21.01.2022  37

Ганада жарылғыш заттар тиелген көлік жарылып, 17 адам қаза тапты
12:31 21.01.2022  36

Павлодарлық футболшы ресейлік клубқа ауысуы мүмкін
12:07 21.01.2022  42

Павлодарлық балабақшаларда «Экоқұпия» жобасы таныстырылды
11:33 21.01.2022  42

Әзербайжанда төрт аптада коронавирус жұқтырғандардың 40%-ынан «омикрон» табылды
11:04 21.01.2022  49

Құқық қорғау органдары тарапынан құқықтары бұзылған павлодарлықтар қайда жүгіне алады
10:34 21.01.2022  47

Павлодарда пәтер жалдамақ болған қыз алаяққа алданып қалды
10:02 21.01.2022  56

Павлодарда тұрғын үйдің жанында пышақпен жүрген күдікті ұсталды
09:27 21.01.2022  58

Павлодар ауданында мас күйінде жарықшам бағанына соғылған жүргізуші қамауға алынды
09:02 21.01.2022  58

Антирекорд: Павлодар облысында бір күнде 860-тан астам адамда КВИ анықталды
08:37 21.01.2022  56

Павлодар облысында жұма күні жауын-шашынсыз болады
08:03 21.01.2022  60

Павлодарда жастарға арналған «Алғашқы жұмыс орны» жобасы басталды
21:36 20.01.2022  98

Павлодар облысында COVID-19 белгілері бар балалар ауруханаларға жиі түсе бастады
21:07 20.01.2022  67

Қарақұдық ауылының жастары бизнес идеяларын әкіммен бөлісті
20:31 20.01.2022  77

Павлодар облысының тұрғындарын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады
20:02 20.01.2022  80

Павлодарлық тұрғын университеттің оқу ақысын көтергеніне шағымданды
19:37 20.01.2022  79

Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің несиесі 3 ай кейінге шегеріледі
19:04 20.01.2022  84

Екібастұз тұрғыны заманауи стоматологиялық клиниканы қалай ашқанын айтты
18:29 20.01.2022  92

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сатып алу бөліміне екі маман мен мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасына бір маман қажет
18:07 20.01.2022  90

Павлодар облысында жыл басынан бері COVID-19: көрсеткіштер қалай өзгеруде
17:20 20.01.2022  82

Павлодарда көршісінің атынан несие алған тұрғын сотталды
17:02 20.01.2022  96

«Омикрон» Павлодар облысына жетті ме?
16:32 20.01.2022  90

Павлодар облысына «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
16:03 20.01.2022  100

«Құқықтық тәртіп»: Павлодар облысында 2,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
15:24 20.01.2022  97

Ақсу ауылдық аймағында орманшылар қақпанға түскен итті құтқарды (ВИДЕО)
15:14 20.01.2022  110

Павлодар облысының тұрғындарын қазақша тегін үйренуге шақыруда
14:36 20.01.2022  102

Ертіс ауданында полиция автокөліктерінің саптық байқауы өтті
14:20 20.01.2022  99

Павлодарда балықшы мұздың астына түсіп кетті
13:26 20.01.2022  135

Театр және кино актері Төлеубек Аралбай дүниеден өтті
13:12 20.01.2022  94

Павлодар ауданының тұрғыны полициядан ұлын қатаң жазалауды сұрады
12:36 20.01.2022  101

Павлодарлық журналиске өмірлік жар болуға ұсыныс айтылды
12:32 20.01.2022  212

«ӨКМ операторының» орнына келген «Жасыл даму» утиль алым мөлшерін қалай белгілейді
12:06 20.01.2022  107

Павлодар облысында телефонды пайдаланғаны үшін 3000 жүргізуші жазаланды
11:28 20.01.2022  113

Павлодар ауданында ер адам интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішті ластады (ВИДЕО)
11:02 20.01.2022  122

Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып кетті
10:27 20.01.2022  107

Павлодар облысында өткен тәулікте 700-ден астам адамнан КВИ анықталды
10:04 20.01.2022  112

18 жыл бұрын Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен күдікті Павлодардан табылды
09:22 20.01.2022  132

«Ақсуды» кім жаттықтырады, бюджеті қандай?
09:04 20.01.2022  139

Павлодарлықтар үш бөлмелі пәтер алып берген науқас ана көз жұмды
08:18 20.01.2022  135

20 қаңтар күні Павлодар облысында қалың тұман күтіледі
08:00 20.01.2022  132

Депутаттар автокөліктердің міндетті техникалық байқауын алып тастауды ұсынды
22:05 19.01.2022  139

Ақсудағы бастауыш партия ұйымдары қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады
21:32 19.01.2022  151

Успен жастары әкімге өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады
21:21 19.01.2022  153

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Қалтаны қағудың айласы ма? Көмір бағасы жыл соңына дейін сақталады. Утильдік алым қандай болуы керек?
21:07 19.01.2022  130