Бұл туралы tengrinews.kz Boxingnews24.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мұның алдында IBF Головкинді 3 тамызға дейін Деревянченкомен жұдырықтасуға міндеттеген. Бұл жолы Леффлер Саулеь "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізу үшін украиналықпен жұдырықтасуды тағы шегеруді сұрамақ. Егер промоутер мұндай келісімге келе алмаса, Головкин белбеуінен айырылады.

"Головкин үшін қиын жағдай. GGG және Леффлер 15 қыркүйекте "Канеломен" қарымта өткізгісі келеді. Өйткені ол араға бір ай салып, екі жекпе-жек өткізе алмайды, оған уақыт та болмайды. IBF шегеруге рұқсат бермесе, Головкиннің белбеуден бас тартуына тура келеді. Осылай болатын да шығар. Голвкинге қыркүйекте "Канелоға" қарсы кездесу тұрғанда Деревянченкоға қарсы "арзан" жекпе-жектің қажеті жоқ. IBF белбеуінен айырылу 36 жастағы Головкин үшін үлкен бір олжаны жоғалту емес. Ол осы белбеуді ұтқан адаммен жұдырықтаса алады. Ал Головкин мен "Канело" 160 фунттағы ең белгілі боксшылар. Альвареске де IBF үшін жұдырықтасудан мардымды ештеңе түспейді. Головкин IBF белбеуін оңай қайтара алады. 2019 жылды ол "Канеломен" үшінші кездесу өткізгенше, IBF және WBO белбеулерін жинаумен айналыса алады", - деп жазыпты басылым.

pavlodarnews.kz

Тэги: