Фильмді түсіру үшін 1100 адам жұмыс істеген, оған бірнеше ай кеткен , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жобаны «Салам, New York», «Анамды іздеп» фильмдерімен танылған қырғызстандық режиссер Руслан Акун таспалаған. «Бұл Руслан Акунның USC School of Cinematic Arts магистратурасын тәмамдағаннан кейінгі осындай ауқымды көлемдегі алғашқы жұмысы. Бұл фильм шынында да өте мағыналы және әсерлі болып шықты. Онда тек Қазақстан мен Қырғызстанның ғана емес, сондай-ақ ТМД елдерінің қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелері қозғалған», - деп есептейді фильмнің продюсері Нұрбек Айбашев.

Кинокартина талантты көкпар ойыншысы, «Жалын» командасының капитаны Мақсат жайында болады. Маңызды бір кезекті ойындағы жеңілістен кейін, «Жалын» командасының иесі жарақат алған атпен алаңға шығудан бас тартқан Мақсатты командадан шығармақ болады. Өзінің ауылына оралғаннан кейін жас жігіт жаңа команда жинап, осы спорттың биік шыңына жетудің ауыр жолын бастайды. «Көкпар» фильмінің басты рөлдерінде қазақстандық актер әрі каскадер Асылхан Төлепов және актриса Гүлназ Жоланова ойнайды. Сондай-ақ, басты рөлдердің бірін Қырғызстанның танымал актері, әйгілі шоумен Эмиль Эсеналиев сомдайды. «Мықтылар заманы» фильмін түсіруге көкпарға қатысып жүрген Қырғызстанның үздік жылқылары іріктеліп алынған.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: