Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл жобаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Аль Сақр Финанс» АҚ-ы «Уақып» қорының қолдауымен іске қосқан.

«Енді жұма уағызын online трансляцияда тыңдауға болады. Трансляция әр жұмада Астана қаласындағы «Әзірет сұлтан» мешітінен жүргізілмек. Тағы бір айта кетерлік жаңалық: жұма уағызы қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне тікелей аударылмақ», - дейді ол.

Оn-line трансляцияға қосылу үшін www.alsaqr.kz сайтына кіріп, «play» батырмасын басқаннан соң өзіңізге қолайлы тілді таңдау қажет. Уағыз тыңдау үшін қолыңызда интернетке қосылған ұялы телефон мен құлаққап болса жеткілікті.

pavlodarnews.kz

Тэги: