- Бүгінгі таңда тарихи оқиғалардың куәсі болып отырмыз, - дейді Маруаш Сағындықова. - 30 жылға жуық еліміздің ішкі – сыртқы саясатында асқан көргендік, даналық танытып келген ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы бұл жолы да теңдессіз тарихи шешім қабылдады. Бір сәтте тарихтың толқынды тоқтамы тікелей Конституцияға сәйкес жүзеге асырылғандықтан, әр қадам өз деңгейінде ретімен салиқалы сабақтасып өріле берді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біз барлық жетістіктерімізге, ең алдымен Қазақстан Республикасының қастерлі Тәуелсіздігіне Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік» - деп түйіндеді. Тарихтың талай тар кезеңдерінде тәуелсіздікке тәу етіп, қол жеткізе алмай арманда өткен ұлы тұлғалар: хандар мен билер, дарабоз батырлар, жыр майталмандары ақын-жыраулар қаншама? Олар өмірден тәуелсіздіктің бір күніне, желбіреген байрағының бір сәтіне жете алмай күресумен, жырлаумен зар шегіп өтті. Бертінгі заманның өзінде қаны да, жаны да тәуелсіздікті аңсаған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин сынды саңлақтарымыз арман биігі – тәуелсіздікті көре алмады. Қазіргі заман - біздің заман. Тәуелсіздігімізді тұғырлап, көк байрағымызды аспанда жарқырата көтеріп, әлемде теңдесі жоқ бас қала салып, халық  қазақ атанып, әлем танып отырған ел болдық.

Оның айтуынша, егемен ел атанып қана қоймай, әлемге әйгілі ел деңгейіне қол жеткізе білген ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Президенті сайлауын өткізу - тарихи кезенде шешуші рөл атқаратын маңызды ісі. Президент сайлауы - елдік тұтастық, демократияның биік шыңы, халықты патриоттық шешімге жетелейтін терең мәні бар процесс.

- 2001 жылы 8 наурыз мерекесі құрметіне көпбалалы ана ретінде Елбасымен кездескен сәтіме қазақтың қызы, ана, әже, адам ретінде өзімді шексіз бақытты жанмын деп сезінемін, қуанамын!, - дейді Маруаш Сағындықова. - Таңдау халықта. Еліміздің даму жолын, тарихын сараптауға аға буын ұдайы зор көңіл бөліп, жүріп өткен жол мен алар белесті болжауды қатар ұстанады. Сайлау жалпыхалықтық іс. Оған жас та, кәрі де, бар ұлт өкілдері де атсалысады, өз тандауын қалайды, қолдайды. Әсірессе, болашағынан көп үміті мен арман асқары басым жастар үшін маңызды өте зор. Қазақстан Республикасының Президенті сайлауын өткізуді қолдаймын. «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестігі төрайымы ретінде барша қазақстандықтарды, жерлестерімді ҚР Президентін сайлауға, бірлік пен бақытқа бірге баруға шақырамын!

Айта кетерлігі, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығы жарияланды. Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін болды.

Фото: ашық дереккөздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, сайлау-2019, саясат