5-10 мамыр аралығында Тбилиси және Батуми қалаларында 13-15 жас аралығындағы жеткіншектер арасында өткен байқауда Австралия, Филлипин, Таиланд, Румыния, Нидерланд, Вьетнам, Үндістан, Азия, Африка және Латын Америкасы сияқты 35 елдің өкілдері бақ сынған.

- Байқаудың бірінші күні танысу құрметіне арналған мерекелік шарамен басталды, - дейді Камилла. - Келесі күні белгілі грузиндік дизайнер Майя Тавадзе ұсынған киімдермен сән көрсетіліміне қатыстық. Сондай-ақ, өзіміз алып барған алтын түсті көйлектермен шықтық. Барлық қыздар 1920-1930 жылдардағы ретро стилінде киініп, топтық фотосессия ұйымдастырылды. Бұдан кейін балалар үйіне барып, ол жердің тәрбиеленушілері концерт ұсынды. Мен де ән айтып, би биледім және Қазақстаннан алып барған шағын сыйлықтарды табыстадым. Ең соңында қазылар алқасы шешім қабылдап, менің өнерімді ең жоғарғы ұпаймен бағалады.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшекер Белгібаеваның айтуынша, Камилла білім ордасында өтетін қоғамдық шараларға өте белсенді қатысады. Аталмыш байқау барысында қазақ елінің қонақжайлылығы және көшпенділер туралы айтып берген. Жас өрен болашақта қонақүй кешені бизнесі саласын дамытуды армандайды.

Бұдан басқа, 2020 жылдың 4-10 қаңтар аралығында Тбилисиде қазылар алқасының мүшесі болуға шақырту алған.

Камилланың туған тәтесі Гүлмира Дуппаева жақсы тәрбие беріп, дайындағаны және белсенділік үшін «Best Parent of Universe 2019» лентасы және құрмет грамотасымен марапатталған.

Еске сала кетейік, 8 «Г» сынып оқушылары Азиза Жұмағұлова мен Камилла Дуппаева Алматы қаласында өткен «Nur Nayryz Fest» республикалық рухани жаңғыру фестиваль-конкурсында «Жас ғалым» және «Замануи ұлттық киім үлгісі» номинациясы бойынша қатысып, бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Алма Ермекбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, байқау, білім