Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысы статистика департаментінің басшысы Жеңіс Шақатов айтты.

 - Оның ішінде республикадан тыс жерлерге  1419 адам, ТМД елдеріне  1294 адам  көшті (99,8% Ресейге кетті), - дейді Жеңіс Шақатов. - 125 адам әлемнің басқа елдеріне кетті (82,4% Германияға көшіп кетті). Қазақстанның басқа өңірлеріне қоныстанған 2568 адамның 50%-ы Нұр-Сұлтан қаласына, 10%-ы Алматы қаласына бет алған.

Спикердің айтуынша, біздің облысқа қоныс аударғандардың саны 2593 адамды құраған. Оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша келген 100 адамның ішінде ТМД елдерінен – 79 адам (89,9% Ресейден келді), әлемнің басқа елдерінен 21 адам (42,9% - Германиядан).

2493 адам  Ертіс өңіріне Қазақстанның басқа облыстарынан келген. Оның ішінде 21%-ы – Алматы облысынан, 20% -ы – Нұр-Сұлтан қаласынан.

Иммигранттардың ішінде ең үлкен үлес салмағын орыстар (40%) және қазақтар (25%) құрайды. Эмигранттар арасында орыстар (72,3%) және украиндар (9,7%) басым.

Ақбота Сейсенбаева

 Фото: Ольга Бугаева

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам