- Біздің өнім экологиялық таза. Осы аптадан бастап біздің қияр екенін білу үшін қаптамаға сала бастадық. Тыңайтқыштардың бағасы өте қымбат. Жақсы өнім алу үшін көп қаражат керек, саудалайтын кезде сата алмаймыз. Себебі, бақталастар көп. Көкөніс өсірушілер облыста қаланы қияр және қызанақпен қамтамасыз етеді. Алайда оңтүстік өңір мен Ресейден әкелінетіні бар. Ол жақта жылыжай салған қытайлар уланған өнім шығарады да бізге жергілікті өнім сияқты сатады, бірақ оны өздері жемейді. Ал, бізде балабақшалар мен мектептерге тендер ұтып алғандар арзанға сатып алады. Бұл процесті қалай тоқтатуға болатынын білмейміз, - деп қынжылады серіктестік жетекшісі Марат Мұратов. 

Оның айтуынша, голландық сұрыпты табиғи таза қиярларды қаладағы «Рахмет» базары мен супермакеттерден сатып алуға болады. 1,2 гектар аумақта жылытылатын және маусымдық 20 жылыжай орналасқан.

 - Таза өнім алу үшін табиғи микроағзалар мен көң қолданылады, - дейді серіктестік иесі. - Қыста және көктем бойы маусымға дайыдалдық. Тыңайтқыштар шығардық. Қазір қиярдың нағыз піскен кезі. Күніне 3-4 тонна қияр алынады. Былтыр осы кезеңде 95 тонна өнім жинаған болса, биыл биогумустың арқасында 120 тонна қияр сауда нүктелеріне жіберілген.

Кәсіпкер бастапқыда «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 60 млн теңге, кейін 20 млн теңге несие алған. Бүгінде бұл соманы толығымен жауып тастап, айналымға өзінің жеке қаражатын салған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Роза Мұстафина

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам