Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Твиттердегі парақшасында жарияланды.

- Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке және Ж.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды, - делінген жазбада.

Айта кетейік, Нұржан Әшімбетов қазіргі лауазымында 2018 жылдың тамызынан бері отыр.

Нұржан Кемерұлы Әшімбетов 1969 жылы Павлодар облысы Аққулы ауданы Черное ауылында туған.

Зооинженер мамандығы бойынша Алматы зооветеринарлық институтын, ал бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Мемлекеттік мүлік жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің маманы болып бастаған.

1997-1999 жылдар аралығында – Лебяжі ауданындағы өндірістік кооператив төрағасы, агрофирма директоры;

1999-2008 жылдар аралығында – Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы;

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2009-2012 жылдары Петропавл қаласының әкімі қызметін атқарды.

2012-2016 жылдары Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2016-2018 жылдары Павлодар қаласының әкімі болып қызмет етті.

2018 жылы тамыз айында Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалған.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Екібастұз, Нұржан Әшімбетов, әкім, депутат, саясат