Экспедиция ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Ұйымдастырушы «Kazakh tourism» ҰК» АҚ.

«Киелі Қазақстан» экспедициясының сериясы рухани мұра нысандарын жан-жақты зерттеуге бағытталған. Киелі орындар-Қазақстан жерінің ежелден түрлі рухани тәжірибелер мен дүниетанымдардың үйі болғанын айғақтайтын жанды дәлел. Баянауыл ұлттық паркінде Ертіс өңірінің киелі картасындағы 80% нүкте орналасқан, оның ішінде Қоңыр әулие үңгірі бар. Аңыз бойынша, ол үміт артқан адамдарға ата-ана болуға көмектеседі.

 

 

Суреттер Берік Ақылбектовтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам