Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде өңіріміздің барлық аудандарынан 90-нан астам қайта өңдеу және ауыл шаруашылық кәсіпорындары қатысады.

Павлодар облысының фермерлері Нұр-Сұлтанға 160 миллион теңгеден асатын 510 тонна өнім апарады. Оның ішінде 60 тонна ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт өнімдері және 50 тонна азық-түлік өнімдері: жұмыртқа, жарма, ұн, нан өнімдері, бал, өсімдік майы бар. Оған қоса, 240 тонна картоп пен 140 тонна көкөніс пен бақша өнімдері жеткізілмек.

Жәрмеңкеде брендтері бүкіл елде және шет елдерде танымал болған «Рубиком» ЖШС, «МолКом» ЖШС, «Смак» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сағып» ШҚ, «Галицкое» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Ақжар-Өндіріс» ЖШС сияқты кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынады.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Нұр-Сұлтан жәрмеңке, ауыл шаруашылық жәрмеңке, сауда, өнім