- Жер шарын мекен еткен адамзаттың болмысы күн өткен сайын күңгірттеніп, құрдымға сіңіп бара жатқандай. Жаһандану үдерісі қарқынды артқан сайын, жұмыр басты пенде мейірімділік пен ізгіліктен алыстай түсуде. Спектакль режиссері Данияр Базарқұлов «Мамонт» бейнесі арқылы өзекті мәселелерді ашып көрсетуге тырысқан, - дейді театрда.

Алматы қаласында орналасқан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері, режиссер Данияр Базарқұловтың сахналауында, драматург Асылбек Ихсанның «The last MAMONT» қойылымы ғаламдық мәселені көтеріп, күрделеніп бара жатқан адамзаттық түйіткілді мәселелерге жауап іздейді.

Өтетін уақыты: 2019 жылдың 23-24 қазан күндері сағат 18:30-да.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, театр, премьера, Ж.Аймауытов, спектакль