29 Сәуір 2017 жыл
Қаз Рус

Өскеменде рақымшылыққа іліккендерге қолдау көрсетіледі

Бұл туралы 24.kz жазды. 600-ден аса адамның жазасын өтеу мерзімі қысқартылмақ. Сот шешімімен бас бостандығынан айырылғандардың 65%-ы бүгінде жұмысқа бейімделген. Еліміздегі түзеу мекемелерінің дені Шығыс Қазақстанда орналасқан. Онда бүгінде 5500 сотталушы жазасын өтеп жатыр. Елбасы қол қойған «Рақымшылық жасау туралы» Заң аясында өңірдегі 1039 сотталушы бостандыққа шығады. Әзірге олардың құжаттары сотқа жіберілді.

- Рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығатын азаматтармен жұмыс бір күннің шаруасы емес. Қылмыстық атқару жүйесінің мамандары жазасын өтеп жатқан әрбір азаматтың құжатын реттеп, сотқа ұсынады. Рақымшылыққа іліге ме, жоқ па, оны сот шешеді, - дейді  облыстық ҚАЖ бастығының орынбасары Мейіржан Смағұлов.

«Адасқанның айыбы жоқ». Сотталған азаматтардың барлығы да қоғамның толыққанды мүшесі. Сондықтан, оларды қатаң тәртіпте ұстаудан бөлек, жұмыспен қамтып, кәнігі өмірге бейімдеу маңызды. Ең бастысы, сотталғандардың өздері де еңбекке араласып, өз күнін өзі көруге дайындалуда. Бостандыққа шыққанда қоғамға тез сіңуге бұл қабілеттің септігі тиері сөзсіз. 

Виктор Дак, «Антарес-А» ҚҚ жетекшісі:

- Президент Жарлығына сәйкес, сотталған азаматтар мен бостандыққа шыққан жандарды қоғамға бейімдеуге тиіспіз. Бүгінде бұл іспен айналысатын арнайы мамандар бар. Біз де екі арнайы жобаны жүзеге асырып жатырмыз. 3000-нан аса азаматқа көмектестік. Оның арасында сотталғандардың туыстары да бар. Виктор Дак сотталғандар мен бостандыққа шыққандарға қолдау көрсетуге бағытталған ұйымға жетекшілік етеді. Қоғамдық қордың көмегін алғандардың бірі – Тимофей Скиданенко. Орда бұзар жасқа келген оның жарты ғұмыры түзеу мекемесінде өткен. Қалыпты өмірге бейімделген ол қазір отбасын құрып, жұмыс істейді. Қоғамға пайдалы болуды көксейді.

Жаңалықтар

Жаңалықтарға жазылу

* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
Система Orphus